13.06.2008, 16:13 3055

Қазақстанда республиканың барлық аумағында егіс жұмыстары мерзімінде аяқталды

Қазақстанда республиканың барлық аумағында егіс жұмыстары мерзімінде аяқталды

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда республиканың барлық аумағында егіс жұмыстары мерзімінде аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бүгін тұқым себу науқанының аяқталуына орай өткізген брифингте таратқан мәліметтерге сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық әкімшіліктерге қарасты ауыл шаруашылығы департаменттерінің мәліметтері бойынша, биыл маусымның 12-де жаздық дәнді дақылдар 15,5 млн. га (межеленгеннен 101 %) алқапқа себілді, оның ішінде бидай - 13,0 млн. га (100 %), арпа - 2 млн. га (103 %), дәндік жүгері - 90 мың га (97 %), күріш - 74 мың га (99 %). Майлы дақылдар 856 мың га (меженің 114 %) алқапқа себілді, оның ішінде күнбағыс - 532 мың га (134 %), соя - 50 мың га (103 %), рапс - 181 мың га (86 %).

Бұдан бөлек 19 мың гектарға қант қызылшасы (100 %) және 165 мың га мақта (102 %) себілді.

2008 жылы жалпы республика бойынша барлық егістік алқап 19,9 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар (күздік дақылдармен бірге) - 16,2 млн. га, бидай - 13,6 млн. га, бұл былтырғымен салыстырғанда (әр қайсысы) 953 мың га, 774 мың га және 710 мың га артық.

Мемлекет басшысының жолдауынf сәйкес басым бағытқа ие болған - майлы дақылдардың (180 мың гектарға, (оның ішінде күнбағыс 160 мың гектар), көкөніс-бақша дақылдарының (4,5 мың гектар), қант қызылшасының (6 мың гетар) алқабы кеңейтілді. Мұны жүзеге асыруға дер кезінде мемлекеттік қолдау көрсетіліп Үкімет қорынан қосымша бюджет қаржы бөлінді.

Биыл егіс науқанына қатысқан 1 868 егіс кешенімен (барлық егіске қатысқан техниканың 7,4 пайызын құрайды) барлық алқаптың шамамен 40 %-ын себілді. Былтырғыдан 5 пайызға көп.

Сонымен қатар, облыстардың мәліметтері бойынша биыл 7,8 млн. га алқапта немесе дәнді танаптың жартысында дерлік ылғалсақтау технологиялары қолданылды, бұл 2007 жылғы деңгейден 2,6 млн. га немесе 48 % артық.

Көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде және тиімді жүргізу үшін республиканың ауылшарқұрылымдары мұнай өңдеу зауыттарынан бекітілген бағдағы жанар-жағармаймен (ЖЖМ) қамтамасыз ету бағытында жасалған шаралар, шаруаларға 4,8 миллиард теңге (39,6 миллион АҚШ доллары) көлеміндегі қаржысын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Көктемгі егіс егу науқанының қортындысы бойынша мынадай тұжырым жасауға болады. Қыс мезгілінде қарт тоқтатып, дәнді егіс алқабына мерзімініде сепкен, егісті күтіп-баптап, арам шөптерге, зиянкестер мен ауыруларға қарсы күрескен шаруашылықтар биыл да қамбасын мол толтырады деп күтуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны