28.05.2010, 17:20 3465

Қазақстанда рұқсатнама процедураларының саны үштен бір бөлікке қысқарады - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі

Қазақстанда рұқсатнама процедураларының саны үштен бірге қысқарады - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі

Астана. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда рұқсатнама процедураларының саны үштен бірге қысқарады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП Партиялық бақылау комитеті мен Мемлекеттік қызметтер мен рұқсатнама құжаттардың сапасы мен қол жетімділігін бақылау және мониторинг жүргізу жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ж. Айтжанова атап өткендей, "министрліктің іс-қызметнің басты бір бағыты - рұқсатнама жүйесін жетілдіре түсу мен бизнес-ахуалды жақсарту болмақ".

"Осы жұмыстардың аясында рұқсатнама құжаттарды қайта қарау және оңтайландыру жөніндегі сарапшылық топ пен рұқсатнама құжаттарды беруді реттейтін құқықтық актілердің санағын жүргізу жөніндегі 22 жұмыс тобы құрылған. Осы жұмыстың нәтижесінде 1015 түрлі рұқсатнама процедурасы анықталды, солар бойынша 2008 жылы 29 млн астам рұқсатнама құжаттары берілген",- деді ол.

"Сарапшы топ 1015 түрлі рұқсатнама процедурасының 334-ін, немесе шамамен 30%-ын алып тастауға нұсқау берді", - деді Ж. Айтжанова.

Мнистрдің мәліметінше, "осының нәтижесінде лицензиялық-рұқсатнамалық құжат айналымы шамамен жылына 881 мың бірлікке қысқарады".

"Осыған байланысты министрлік тиісті заң жобасын жасады, соған сай рұқсатнама процедураларының санын үштен бірге қысқарту жоспарлануда. Бұл заңның жобасын қабылдау нәтижесінде кәсіпкерлер шамамен 27 млрд теңгенің ақшалай қаржысы мен уақытын үнемдейді", - деді Ж. Айтжанова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны