09.04.2008, 17:57 3092

Қазақстанда салық есебін ұсынбайтын және салықтан берешегі бар 36 мыңнан астам ұйым бар - Салық комитеті

Қазақстанда салық есебін ұсынбайтын және салықтан берешегі бар 36 мыңнан астам ұйым бар - Салық комитеті

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда салық есебін ұсынбайтын және салық немесе зейнетақы салымдары мен әлеуметтік аударым қарыздары бар 36 мыңнан астам ұйым бар. Бұл туралы бүгін "Дағдарысқа қарсы басқарушылардың ролі мен орны және банкроттық институтын жетілдіру" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мұндай салық төлеушілерде қандай да бір активтері болмайды. Бұл соңында банкроттық процедурасын өткізу нәтижесі бойынша қарыздарының өшірілуіне алып келеді", - деді А. Қыпшақов мемлекет бірнеше жыл қатарынан мұндай ұйымдардың банкроттығы үшін қаржы бөліп келе жатқанын еске сала отырып.

"Бұл санаттағы салық төлеушілердің жалпы санының қысқаруына қарамастан, осы секілді жаңа ұйымдардың пайда болу үрдісі белең алып отыр", - деп толықтырды ол.

"Жұмыс тәжірибесі көрсетіп отырғандай, салықтан берешегі бар салық төлеуші лауазымды тұлғалар мен құрылтайшылар тұрақты тұру үшін шетелдерге қоныс аударады. Ал салықтан қарызы бар азаматтарға қандай да бір шектеулер қазіргі заңнамамызда қарастырылмаған. Осыған байланысты салық қызметкерлері олардың елден шығып кетуіне ешқандай да шектеу қоя алмайды", - деп сөзін түйіндеді ҚР Салық комитеті төрағасының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны