23.05.2008, 14:03 1745

Қазақстанда салық жинау деңгейі төмендеді - Есеп комитеті

Қазақстанда салық жинау деңгейі төмендеді - Есеп комитеті

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Есеп комитеті Қазақстанда салық жинау деңгейі төмендеді деген қорытындыға келді. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев 2007 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебіне қорытынды болып табылатын Есеп комитетінің есебін парламент мәжілісіне таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі көрсеткіштері асыра орындалғанына қарамастан, салық жинау деңгейі төмендеді", - деді О. Өксікбаев.

"Бұл республикалық бюджеткен түскен салық түсімдерінің Ұлттық қорға аударымдарды ескергендегі санын Жалпы ішкі өнімге шаққандағы қатынасының 2006 жылы 21,2%-дан 2007 жылы 20,9%-ға дейін азаюымен дәлелденеді", -деді ол.

Сонымен бірге, О. Өксікбаевтың айтуынша, "республикалық бюджеттің орындалуының корпоративтік кіріс салығы, қосылған құн салығы мен кедендік төлемдерге тәуелділігі сақталып отыр".

"Біздің бағалауымызша, бюджетті толтырудың потенциалдық қорына салық және кедендік әкімшілікті жетілдіру есебінен түсетін түсімдерді; берілетін салық жеңілдіктері мен преференциялардың негізділігі мен әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеру есебінен; еркін экономикалық аймақтардың жұмыс істеу тиімділігін көрсету есебінен түсетін түсімдерді жатқызуға болады", -деді Есеп комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны