08.07.2014, 20:57 3427

Қазақстанда сапасыз жанармайды пайдалануға 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынады

Қазақстан үшін К2 экологиялық санатындағы автокөлік жанармайы мен дизель отынын айналымға жіберуге өндіруге тыйым салу мерзімін 2014 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру қарастырылған.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылдың 10 шілдесінде КО мүшелерінің "Кедендік одақтың кедендік аумағында пайдалануға шығарылатын реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа арналған жанармай, кеме және дизельді отын, автокөлік және авиация жанармайына арналған міндетті талаптарды қабылдау мен орындауды орнататын техникалық реттеуге өзгерістер енгізу туралы" БЭК Кеңесінің шешімі күшіне енеді.

Алайда Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен Кедендік одақтың "Автокөлік және авиация жанармайы, дизельді және кеме отыны, реактивті қозғалтқыш отыны мен мазут талаптары туралы" техникалық реттеу талаптары негізінде К2 экологиялық санатындағы автокөлік жанармайы мен дизель отынын айналымға жіберуге өндіруге тыйым салу мерзімін 2014 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру қарастырылған, деп хабарлайды ИЖТМ баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Қазақстан үшін 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап К3 экологиялық санаты талаптарына сай мұнай өнімдерін шығаруға өту бойынша негізгі кедергі факторлар мұнай өңдеу зауыттарының техникалық дайындығының жоқтығы болып отыр. Ол 2015 жылы ғана дайын болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны