01.07.2009, 13:11 1899

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий аяқталды

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий аяқталды

Алматы. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 1 шілдеде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда өткен үкіметтің отырысында Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдар 2009 жылғы 17 ақпан 2009 жылғы 1 шілде аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы, жер қойнауын пайдалану туралы, ветеринария саласындағы заңнама нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді, Астана, Алматы қалаларының және облыстық маңызы бар қалалардың маңынан берілген жер мәселелері, қызметкерлерге айлық табыстарын уақтылы және толық төлеу, қызметкерлердің санын немесе штатын қысқарту заңдылығы мәніне, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша тексерістерді қоспағанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны