09.01.2009, 18:29 3053

Қазақстанда шикі мұнай өңдеу көлемі 2008 жылы 11,3% өсті

Қазақстанда шикі мұнай өңдеу көлемі 2008 жылы 11,3% өсті

Алматы. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда шикі мұнай өңдеу көлемі шағын зауыттарды қоса есептегенде 2008 жылы 13 394 тоннаны құрап, 11,3% өсті. Бұл туралы үкіметтің 2008 жылғы іс-қызметінің қорытындысы жөніндегі есебінде айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Есепке сәйкес, мұнай өнімдерінің өндірісі мынадай болды: жанармай - 2860,1 мың тонна (108,9%), авиакеросин - 355,7 мың тонна (137,4%), дизельдік отын - 3 947,8 мың тонна (100,7%), мазут - 2690,1 мың тонна (104,5%).

"2008 жылғы жедел есеп бойынша, Қазақстанның мұнай экспорттау көлемі 62 403 мың тоннаны (102,8%) құрады", - делінген есепте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны