10.06.2013, 15:01 6354

Қазақстанда ШОБ-не арналған салықтық есеп формалары 30%-ға қысқарады

"Салықтық есеп айтарлықтай қысқарды, екі кезеңде 30%-ға қысқарған... Салықтық есеп жайлы сөз қозғағанда біз көрсеткіштердің, жолдардың, беттердің қысқаруы туралы айтамыз, яғни көлемдерге қатысты", - деді Б.Жәмішев.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today Қазақстанда орта және шағын бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды жасау мақсатында салықтық есептілік формаларын 30%-ға қысқарту жүргізілген - , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қаржы министрі Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Салықтық есеп айтарлықтай қысқарды, екі кезеңде 30%-ға қысқарған... Салықтық есеп жайлы сөз қозғағанда біз көрсеткіштердің, жолдардың, беттердің қысқаруы туралы айтамыз, яғни көлемдерге қатысты", - деді Б.Жәмішев.

Сонымен қатар, ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдегендей ШОБ секторын ынталандыруға бағытталған салық әкімшілігі бойынша бірқатар шаралар қаралған.

Өз кезегінде, 2014 жылдан бастап есепті кезең арнайы салықтық режимді пайдаланатын субъектілер үшін оңайлатылған декларация негізінде жарты жылдыққа өзгертілетін болады.

Бұдан өзге, 2014 жылдан бастап арнайы салықтық режиміндегі жеке кәсіпкерлер үшін АСР ЖК мүлікті және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі алынып тастайды.

Сонымен қатар, жеке заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін оңайлатылған тәртіп көзделетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны