14.05.2008, 18:40 3511

Қазақстанда сирек металдар саласын дамыту бағдарламасы жасалмақ

Қазақстанда сирек металдар саласын дамыту бағдарламасы жасалмақ

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда сирек металдар саласын дамыту бағдарламасы жасалмақ. Бұл туралы Индустрия және сауда министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Министр тау-кен металлургиясы саласының келешегі бар бағыттарының бірі республикада сирек металдардың отандық өндірісін жасау болып табылады. Қазақстан айрықша құймаларды өндіру кезінде пайдаланылатын рений, ниобий және басқа да сирек металдардың ерекше қорларына ие. "Атап айтқанда, бұл материалдар мұнай химиясы, авиация, ғарыш салаларында пайдаланылады", - деп атап көрсетті ол.

В. Школьник қазіргі уақытта рений шикізатын әлемдік нарыққа шығару жөнінен Қазақстан екінші орында тұрғанын еске салды. "Басқа да сирек металдарды жоғарғы тұғырнамаға шығаруымыз керек. Олар жоғары технологиялы дайын бұйымдар өндірісінің негізіне айналуы тиіс", - деп атап көрсетті ол.

"Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанда сирек металдар саласын дамыту бағдарламасы жасалады", - деді министр.

Оның айтуынша, жалпы алғанда 2008 жылдың бірінші тоқсанында тау-кен өнеркәсібі саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі шығарылған. Ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,8 пайызға артық. Қазіргі таңда тау-кен металлургиясы саласының кәсіпорындарының активі 2 трлн теңгені құрайды. "Олар экспорттың 35 пайызын қамтамасыз етіп, мемлекеттің табысын қалыптастыруда айтарлықтай маңызды рөл атқарады", - деп атап көрсетті ол.

Бұл ретте Индустрия және сауда министрлігі биылғы жылдың барлық нәтижелері қуантарлықтай еместігін атап өтті. Атап айтқанда, бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында мыс концентратындағы мыс өндіру көлемі тиісінше 4 және 20,5 пайыздарға азайған. "Себептерін нақты айқындап, тиісті шаралар қабылдау қажет", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны