30.11.2007, 15:45 5650

Қазақстанда сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылардан ең жоғары алымдар алынады - зерттеу

Қазақстанда сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылардан ең жоғары алымдар алынады - зерттеу

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылардан жүктерін кеден бекеттерінен өткізу барысында ең жоғары алымдар алынады. Бұл туралы Қазақстанның кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Мұндай қорытынды 2006 - 2007 жылдар аралығында Дүниежүзілік банктің қолдауымен Қазақстанның Кәсіпкерлер форумының Орталық Азияның транзиттік дәліздеріне мониторинг жүргізу нәтижесі бойынша жасалынып отыр. "Біз кеден постарында мониторинг жүргіздік, сондай-ақ сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар арасында сауалнама жүргізіп, өте қызық мәліметтер алдық, яғни әрбір 1000 АҚШ долларына сатып алынған тауарларға 85 АҚШ доллары көлемінде бейресми төлемдер төленеді",- деп хабарлады М. Палташева.

"Егер мәліметтерге қарайтын болсақ, Қазақстанда 6 млрд АҚШ долларының тауары импортталады. Осыған сәйкес бейресми төлемдерге кететін қаржы да айтарлықтай көп",- деп қосты ол. Сондай-ақ М. Палташева, Қырғызстанда 1000 АҚШ долларына сатып алынған тауарға кететін бейресми төлем 1,3 АҚШ долларын құрайтындығын атап өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда кедендік бекеттерде кедендік құжаттарды рәсімдеудің жылдамдығы өте төмен. Атап айтқанда, "құжаттардың 45 пайызы 3-5 күн аралығында рәсімделеді, ал "мысалға алатын болсақ, Тәжікстанда рәсімдеу жылдамдығы айтарлықтай жоғары".

Сондай-ақ мониторинг барысында жүктердің жолда жүру жылдамдығына да зерттеу жүргізілген. Атап айтқанда, М. Палташеваның айтуынша, "Қорғас - Бішкек тасжолындағы қозғалыс жылдамдығы нәбәрі 16 км/сағ құрайды". "Ирине, жүк көлігі жолда мұндай жылдамдықпен жүрмейтіндігі баршаға түсінікті. Бұл көліктерді тоқтауға болатын аялдамалардың барлығында ұзақ уақыт бойы тоқтатудың салдарынан болып отыр",- деп түсіндірді ол.

Қорғас - Ташкент тасжолындағы қозғалыс жылдамдығы 23 км/сағ құраған. Сондай-ақ М. Палташеваның хабарлауынша, Қазақстанның ішкі дәлізі бойынша көліктер айтарлықтай жылдам жүреді, мысалы Алматы - Өскемен дәлізі бойынша қозғалыс жылдамдығы 61 км/сағ құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны