02.05.2012, 10:03 3484

Қазақстанда соңғы 10 жылда ірі қара малдың басы 2,7 есеге ұлғайды

"Қазақстанның асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар базасы 854 шаруашылық субъектінен тұрады, оның ішінде 828 субъекті асыл тұқымды мал өсірумен және сатумен айналысады. Бұл шаруашылықтардың ішінде 74 бірлігі - асыл тұқымды зауыт, 754 бірлігі- асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебелеріне ие", - делінген хабарламада.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда соңғы 10 жылда ірі қара малдың басы 2,7 есеге ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар базасына 854 субъекті кіреді.

"Қазақстанның асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар базасы 854 шаруашылық субъектінен тұрады, оның ішінде 828 субъекті асыл тұқымды мал өсірумен және сатумен айналысады. Бұл шаруашылықтардың ішінде 74 бірлігі - асыл тұқымды зауыт, 754 бірлігі- асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебелеріне ие", - делінген хабарламада.

Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың ішінде 26 субъекті мал өсірумен және тұқымдық сатумен айналысады, оның ішінде екеуі - асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық,24 - дистрибьютерлік орталық.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы 10 жылда ірі қара мал басының саны 2,7 есеге ұлғайды және ағымдағы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша ірі қара малдың саны - 400,9 мың басты, қой - 1 959 мың басты, доңыз -155,5 мың басты, жылқы -108,9 мың басты, түйе -17,4 мың басты құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны