28.01.2013, 15:54 3525

Қазақстанда тағы бір фармацевтикалық зауыт GMP сапа сертификатына ие болды

"Бүгінгі күні Қазақстанда екі зауыт, әрі жеке учаскелер ғана GMP сертификатына ие. Бұл сертификат өнім сапасының кепілі болып табылады. Бүгін Santo Member of Polpharma Group компаниясына сертификат табыс еткелі отырмыз. Зауыттың асептикалық дәрі-дәрмек өндірісі цехын тексерген біздің инспекторлар мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді деп тапты", - деді ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда тағы бір фармацевтикалық зауыт GMP сапа сертификатына ие болды , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада Santo Member of Polpharma Group компаниясына сертификат салтанатты түрде табыс етілді.

"Бүгінгі күні Қазақстанда екі зауыт, әрі жеке учаскелер ғана GMP сертификатына ие. Бұл сертификат өнім сапасының кепілі болып табылады. Бүгін Santo Member of Polpharma Group компаниясына сертификат табыс еткелі отырмыз. Зауыттың асептикалық дәрі-дәрмек өндірісі цехын тексерген біздің инспекторлар мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді деп тапты", - деді ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак.

GMP сертификатын алған компанияның халықаралық нарыққа шығуына мүмкіндік бар. Сондай-ақ зауыт бес жылда бір тексерілетін нысандардың қатарына енеді. Ал ең маңыздысы - GMP жүйесі өнімнің сапасын қамтамасыз етеді.

"Зауытқа GMP жүйесін енгізіп отырмыз. Осы жүйені енгізу барысында мамандар арнайы оқытылды. GMP - өндірістің басынан-аяғына дейін сапалы болуын қамтамсыз ететін жүйе. Тіпті өнімді нарықта сатқанға дейін қамтылады. Балығын біздің инспекторлар бақылайды", - деді Santo Member of Polpharma Group бас директоры Влодзимирз Грыглевич.

"Қазақстандағы алғашқы антибиотиктер өндірісінің халықаралық стандартқа сәйкес іске қосылып отырғаны Santo Member of Polpharma Group компаниясының тағы бір айқын сипатына айналып отыр. Бұл біз шығарып отырған өнімнің сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігіне басымдық берілетінін растайды. Біз әрі қарай да Қазақстандағы фармацевтика индустриясының дамуына қаржы құюды белсенді түрде жалғастыратын боламыз. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықаралық деңгейге шығуға ықпал етпек", - деп толықтырды ол.

Айта кету керек, Қазақстанда 3 дестрибьютер қоймасы мен 7 дәріхана мемлекеттік стандартқа сәйкес келетінін растайтын сапа сертификатын иеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны