29.08.2007, 18:16 2797

Қазақстанда таяу уақыттарда несиелендіру көлемі одан әрі өсе бермек - Ұлттық банк төрағасының орынбасары

Қазақстанда таяу уақыттарда несиелендіру көлемі одан әрі өсе бермек. Мұндай пікірді екінші орталықазиялық "Business Weekend Central Asia 2007" фестивалі аясында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Акишев ортаға салды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Қазақстанда таяу уақыттарда несиелендіру көлемі одан әрі өсе бермек. Мұндай пікірді екінші орталықазиялық "Business Weekend Central Asia 2007" фестивалі аясында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Акишев ортаға салды.

"Негізгі капиталды қаржыландыру көздеріндегі несиелік қаржының үлесі бүгінгі күнге дейін өте төмен. Бізге банктердің кейінгі жылдардағы жоғары несиелік белсенділігі үшін Қаржылық бақылау агенттігі де, халықаралық сарапшылар да көп сын айтады. Алайда, біз Қазақстанда несиелік қаржының таралу ауқымы әлі де жоғары деңгейге көтеріле қойған жоқ, демек бұл бұл рынок әлі де дами түседі, несиелердің көлемі бұрынғыдай қарқынмен болмаса да , бұдан былай да өсе түсетінін меңзейді деген уәж айта аламыз", - деді Д. Акишев.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары бұл жерде мекеменің еліміздегі 1400 кәсіпорын арасында тұрақты жүргізіп келе жатқан мониторинг мәліметтеріне сілтеме жасады. "Бұл мониторинг барысында біз кәсіпорынға коммерциялық банктерден несиелер алып пайдалана ма, жоқ па деген сауалды қоямыз, нәтижесінде кәсіпорындардың үштен бір бөлігі ғана пайдаланамыз деп жауап береді", - деді Д. Акишев.

Оның нақтылауынша, аталған 1400 кәсіпорын өз салаларындағы нарықтың 90 - 95%-ін қамтиды. "Демек, бұлар еліміздегі негізгі кәсіпорындар, ал сауалнама қорытындысы бойынша экономикамыздың нақты ахуалы жайлы ой қорыта аламыз", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны