13.09.2012, 09:33 3073

Қазақстанда тамыз айында жұмыссыздар деңгейі өзгерген жоқ

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы тамызда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 467,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда тамыз айында жұмыссыздар деңгейі өзгерген жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы тамызда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 467,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2012 жылғы тамыз айының соңына 61,5 мың адам ("Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2011ж. тамызда - 0,8%).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны