03.09.2012, 13:22 3158

Қазақстанда тамызда азық-түлік тауарлары 3,8 пайызға өсті

ҚазТАГ хабарлағандай, статистика мәліметіне қарағанда, нан өсімі 1,5 пайызға, алкогольді ішімдік - 4 пайызға, сүт өнімдері - 5 пайызға, кондитерлік өнімдер - 5,3 пайызға, нан-тоқаш өнімдері - 5,4 пайызға, кофе, шай және какао - 5,5 пайызға артты. Ет бағасы да өсті. Сөйтіп, сиыр еті 21,1 пайызға, жылқы еті - 18,8 пайызға, қой еті - 17,8 пайызға, шошқа еті - 17,1 пайызға қымбаттады. Шұжық пен басқа да ет өнімдерінің бағасы 8,6 пайызға ұлғайды.

Астана. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылдың тамыз айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТАГ хабарлағандай, статистика мәліметіне қарағанда, нан өсімі 1,5 пайызға, алкогольді ішімдік - 4 пайызға, сүт өнімдері - 5 пайызға, кондитерлік өнімдер - 5,3 пайызға, нан-тоқаш өнімдері - 5,4 пайызға, кофе, шай және какао - 5,5 пайызға артты. Ет бағасы да өсті. Сөйтіп, сиыр еті 21,1 пайызға, жылқы еті - 18,8 пайызға, қой еті - 17,8 пайызға, шошқа еті - 17,1 пайызға қымбаттады. Шұжық пен басқа да ет өнімдерінің бағасы 8,6 пайызға ұлғайды.

Айта кетейік, басқа да өнімдердің бағасында өзгеріс бар. Мәселен, жарма өнімдері 35 пайызға, қант - 20,3 пайызға, жеміс пен көкөніс - 8,4 пайызға, ұн - 5,5 пайызға, май мен сары май - 3,9 пайызға арзандады, ал 2011 жылдың тамызында олардың бағасы айтарлықтай артқан еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны