29.01.2009, 11:31 1863

Қазақстанда тау-кен кәсіпорындарына егер олар жұмыскерлерін қысқартпаған жағдайда төмендетілген салық ставкасы енгізіледі

Қазақстанда тау-кен кәсіпорындарына егер олар жұмыскерлерін қысқартпаған жағдайда төмендетілген салық ставкасы енгізіледі

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда тау-кен кәсіпорындарына егер олар жұмыскерлерін қысқартпаған жағдайда төмендетілген салық ставкасы енгізіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Пайдалы қазба өндіруге салынатын салық - Қазақстан үшін жаңалық, жаңа Салық кодексінде пайдалы қазба өндіруге біршама төмен ставкамен салық салу қарастырылған, онда рентабельділігі төмен кеніштерде төмен ставка белгілеу көзделген", - деді Б. Жәмішев.

"Бүгінгі күні үкіметте тау-кен кәсіпорындарында пайдалы қазба өндіруге салық ставкасын төмендету жөніндегі шешімның жобасы дайындалуда", - деді министр. Оның айтуынша, "бұл ставканы төмендетуде жұмыс берушілер тиімділік жағынан онша қажетті емес деп санайтын жұмысшыларды қысқартпау жөнінде шарт қойылады".

Министрдің айтуынша, бұл шара бюджетке түсетін түсімдерге әсер етеді, дегенмен, ол тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарындағы жағдайды тұрақтандыруға түрткі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны