26.12.2013, 19:35 3484

Қазақстанда техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту бойынша жол картасы құрастырылады

"Кеңесте Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық процестерді тереңдету жағдайында ҚР техникалық реттеу мен метрология жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отандық өнімдер сапасын және қазақстандық мазмұн үлесін арттыру жолдары қаралды", - делінген хабарламада.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрологиялық бақылау комитетінің Эталон орталығында болып, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.

"Кеңесте Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық процестерді тереңдету жағдайында ҚР техникалық реттеу мен метрология жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отандық өнімдер сапасын және қазақстандық мазмұн үлесін арттыру жолдары қаралды", - делінген хабарламада.

Кеңес қортындысы бойынша Премьер-Министр техникалық реттеу және метрология жүйесін одан әрі жаңғырту мен дамыту бойынша Жол картасын жасауға өкім етті.

Осыған орай С.Ахметов ИЖТМ-ге, басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға бір ай ішінде Үкіметке Жол картасы жобасын енгізуді тапсырды.

Үкімет басшысы сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдарға және "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП-ке басқа да бірқатар тапсырмалар берді.

Эталон орталығында болған кезде С.Ахметов сынақ зертханалары және Бірыңғай нормативтік техникалық құжаттамалар мемлекеттік қорының жұмыстарымен танысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны