12.11.2012, 13:46 2853

Қазақстанда тоғыз айда 157 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған

"Ағымдағы жылдың 9 айында 156,1 мың адам жұмысқа тұрғызылды, бұл уәкілетті органдарға жүгінген барлық азаматтардың 54,9% құрайды",- деп хабарланды ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

Астана. 12-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда тоғыз айда 157 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 9 айында 156,1 мың адам жұмысқа тұрғызылды, бұл уәкілетті органдарға жүгінген барлық азаматтардың 54,9% құрайды",- деп хабарланды ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

Оның ішінде, 10,5 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызылса, 6,2 мың түлек жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

Алматы мен Астана қалаларының және облыстардың жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының мәліметтері бойынша, 9 айда жұмыс мәселесі бойынша оларға 284 мың азамат жүгінген, оның ішінде 134,9 мың адам - ауылдық жердің тұрғындары.

"Ағымдағы жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 0,1% төмендеп, 5,2% құрады. Сондай-ақ, экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылған халықтың саны ұлғайды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, 2012 жылдың III тоқсанында экономикалық белсенді халықтың саны, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 97,5 мың адамға ұлғайды және 9,013 млн. адамды құрады, жұмыспен қамтылған адамдардың саны 8,54 млн. адамды құрады немесе 1,1% өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны