20.10.2008, 18:30 3102

Қазақстанда төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол және қолма-қол емес операциялардың көлемінде диспропорция бар

Қазақстанда төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол және қолма-қол емес операциялардың көлемінде диспропорция бар

Қызылорда. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол және қолма-қол емес операциялардың көлемінде диспропорция бар. Бұл туралы облыстық "Кызылординские вести" газетіне берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкінің Қызылордалық филиалының директоры Қызылбай Төлепов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, сандық көрсеткіштердің артуы төлем карточкалары нарығындағы құрылымдық ілгерілеуге ұласпай отыр. "Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол және қолма-қол емес операциялардың көлеміндегі диспропорция тек қызылорда облысына ғана емес, жалпы Қазақстанға тән".

Қызылбай Төлеповтың мәліметінше, "облыс бойынша айналымдағы төлем карточкаларының саны 2008 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдаймен 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30,4% өсіп, 199 мың данадан, ал жалпы Қазақстан бойынша - 6 млн 683 мыңнан асты (өсім 32,7%)".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны