08.09.2016, 08:39 2285

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы баға төмендеді - ҰЭМ

2016 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда жаӊа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,2%-ға төмендеді.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылғы тамызда тұрғын үй нарығындағы баға өзгерді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

2016 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда жаӊа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,2%-ға төмендеді, абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары өзгеріссіз қалды. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4-ға өсті.

Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау Астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардыӊ іріктелген шеӊбері бойынша жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны