12.01.2010, 12:31 3109

Қазақстанда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты модернизациялау мен дамытуға 300 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты модернизациялау мен дамытуға 300 млрд теңге бөлінеді

Астана. 12 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты модернизациялау мен дамытуға 300 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Серік Нокин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биыл біз Қазақстан Республикасында 2010 - 2014 жылдар аралығында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты модернизациялау мен дамыту тұжырымдамасын және кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісеміз", - деді С. Нокин.

Оның айтуынша, осынау бағдарламалық құжаттарда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруға "бес жыл ішінде 300 млрд теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 200 млрд теңге бағытталады".

Оның түсіндіруінше, бұл қаражат жыл сайын "60 млрд теңгеден тең үлеспен, соның ішінде 40 млрд теңге - республикалық бюджеттен және 20 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінеді".

С. Нокиннің нақтылауынша, сондай-ақ, қаржының басым бөлігі "инженерлік желілерді реконструкциялау мен жөндеуге жұмсалады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны