11.06.2009, 13:03 1312

Қазақстанда үкіметтің экономиканы тұрақтандыру бағдарламасының аясында өңірлер 20 млрд жуық теңгені игерді - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қазақстанда үкіметтің экономиканы тұрақтандыру бағдарламасының аясында өңірлер 20 млрд жуық теңгені игерді - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда үкіметтің экономиканы тұрақтандыру бағдарламасының аясында өңірлер 19,8 млрд теңгені игерді. Бұл туралы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Ибдіхалықова бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Гүлшара Ибдіхалықованың хабарлауынша, "өңірлер 5 маусымдағы мәлімет бойынша 19,8 млрд теңгені игерді, оның 7,9 млрд теңгесі - жергілікті бюджеттердің қаржысы".

"Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері маусым айындағы қаржыландыру жоспарына сәйкес, әкімдерге қосымша 10,4 млрд теңгені аударды", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны