09.02.2007, 16:43 3119

Қазақстанда ұлттық экспортттық бағдарламаның жобасы жасалады

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда ұлттық экспортттық бағдарламаның жобасы жасалады. Бұл туралы үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндамада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үкімет ұлттық экспортттық бағдарламаның жобасын жасауда. Оның аясында экспорттауда келешегі бар тауарлар мен қызметтердің тізімі, әлемдік нарыққа шығу стратегиялары, сондай-ақ, отандық өнім экспорттаушыларды институт ретінде қолдау жүйесі қалыптасады",- делінген құжатта.

"Үкімет шетелдік рыноктарды белсенді игеруге, қазақстандық тауарлардың экспортқа дендей шығуына баса назар аудармақшы. Сол себепті экономиканы әртараптандыру және модернизациялау проблемаларын шешуге үкімет ірі отандық бизнесті белсенді тартып, оларды ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға атсалыстырмақшы".

"Еліміздегі ірі компанияларды ел аумағында кластерлерді құру мен дамытуға тартудың, олардың шағын және орта бизнеспен ықпалдастыққа ынталандырудың, сол арқылы қосалқы құн жасаудың мейлінше жетілдірілген тізбегін құрудың маңызы зор",- делінген бағдарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны