22.01.2015, 10:50 5503

Қазақстанда Ұлттық құрылысшылар қауымдастығы құрылмақшы

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҰКП Төралқасы Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитетініӊ отырысы өтті. Талқылау қорытындысы бойынша салалық қоғамдастық өкілдері Қазақстанныӊ Ұлттық құрылысшылар қауымдастығын құру туралы шешім қабылдады.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҰКП Төралқасы Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитетініӊ отырысы өтті. Талқылау қорытындысы бойынша салалық қоғамдастық өкілдері Қазақстанныӊ Ұлттық құрылысшылар қауымдастығын құру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Комитет отырысына Қазақстанныӊ Салушылар қауымдастығы, Қазақстанныӊ Жобалаушылар қауымдастығы, Қазақстанныӊ Инженерлер қауымдастығы, Қазақстанныӊ Құрылысшылар қауымдастығы, Қазақстанныӊ Қала салушылар одағы, Республикалық инженер-сметашылар одағы, Қазақстанныӊ Дизайнерлер одағы, Қазақстандық Құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығы және т.б. сияқты құрылыс саласы кәсіпорындарыныӊ бірлестіктері мен құрылыс компаниялары қатысты, деп хабарлайды www.palata.kz тілшісі.

Құрылмақшы болып отырған Қазақстанныӊ Ұлттық құрылысшылар қауымдастығы (бұдан әрі - Қауымдастық) еліміздіӊ күллі салалаық қоғамдастығын республикадағы құрылыс саласын дамыту бойынша біршама тиімді жұмыс жасау үшін шоғырландыруға арналған.

Қауымдастықтыӊ негізгі міндеттері:

- саланыӊ нормативтік-техникалық базасын жетілдіруге, қолжетімді тұрғын үй нарығын қалыптастыруға және тұрғын үй құрылысы қарқынын аттыруға қатысу;

- отандық қаржы-кредит жүйесін, ипотекалық кредиттеу, құрылыс саласындағы сақтандыру қызметін дамыту;

- құрылыс саласында еӊбек ететін ғалымдар мен мамандарды шоғырландыру, құрылыс кәсібініӊ беделін көтеру;

- ғылыми зерттеулер мен зерттемелер жүргізуге, ғылым мен техника жетістіктерін тәжірибеге енгізуге жәрдемдесу;

- құрылыс жоғары оқу орындарындағы, орта арнаулы оқу орындарындағы мамандарды даярлауды, құрылыс саласында еӊбек ететін мамандар біліктілігін көтеруді жетілдіру;

- халықтыӊ жұмыспен қамтылуы, еӊбекті қорғау және оныӊ жағдайын жақсарту мәселелерін шешу, құрылыс саласындағы еӊбекақы үйлеспеушілігін төмендету.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен жұмыс кездесуінде ол Қазақстанныӊ Ұлттық құрылысшылар қауымдастығын құру қажеттігіне қолдау көрсетті. Ұлттық палата басшысы оныӊ құрамына түйткілді мәселелерді шоғырландыра шешу үшін құрылыс саласындағы күшті компаниялардыӊ, қауымдастықтардыӊ, кәсіпқойлардыӊ кіруі маӊыздылығын атап өтті. Сонымен бірге бұл қауымдастықта елдіӊ күллі өӊірлерінде филиалдық желі болуға тиіс.

Жақын арада Қауымдастықтыӊ құрылтай съезі өткізілетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны