11.11.2011, 15:45 3553

Қазақстанда уран шығару тоғыз айда 11 пайызға өскен

Қазақстанда уран өндіру көлемі қаңтар-қыркүйек аралығында 13 957 тоннаны құраған, ол 2010 жылғы осындай аралықпен слыстырғанда 11%-ға артық болды, деп көрсетілген "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ таратқан хабарламада.

Алматы. 11-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда уран шығару тоғыз айда 11 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда уран өндіру көлемі қаңтар-қыркүйек аралығында 13 957 тоннаны құраған, ол 2010 жылғы осындай аралықпен слыстырғанда 11%-ға артық болды, деп көрсетілген "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ таратқан хабарламада.

Қазақстанда өндірілген уранның жалпы көлеміндегі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның үлесі 7 978 тонна.

2011 жылдың 9 айындағы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның шоғырландырылған табысы 264,7 млрд теңгені құрап,2010 жылғы көрсеткіштерден 62%-ға артып түсті. Мұндай өсімге уран өнімдерін сату көлемінің ұлғаюы арқасында қол жеткізілді.

Үстіміздегі жылдың 9 айындағы таза табыс 56,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 72%-ға артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны