21.01.2015, 20:48 4186

Қазақстанда валюта бағамыныӊ күрт ауытқуы күтілмейді - Қ.Келімбетов

Қазақстанда биылғы жылы валюта бағамыныӊ күрт ауытқуы қарастырылмаған, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда биылғы жылы валюта бағамыныӊ күрт ауытқуы қарастырылмаған, деп хабарлады бүгін ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Меніӊ ойымша, біз үшін аса маӊызды фактор мұнай бағасы болып табылады, бүгінгі таӊда айырбастау бағамыныӊ күрт ауытқуы жосықсыз деп есептейміз", - деді Қ.Келімбетов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, девальвациялық болжалдар екі факторға негізделген, олар - мұнайға бағаныӊ төмендігі және ресей рублініӊ құнсыздануы.

Алайда, Қ.Келімбетов елімізде қажетті "беріктік қоры" құрылғанын баса айтты, ҚР алтын-валюта сақтық қорлары 30 млрд жуық долларды құрайды.

Ол қазақстандық экономика бүгінгі таӊда көбіне мұнай бағасына және экспорт түсімдеріне байланысты екенін атап өтті.

Ұлттық банк басшысы қазақстандық экономикада ұзақ жылдар бойы контрциклдік саясат жүргізілгенін, ол экономикадағы құлдырауларды жоюға мүмкіндік беретінін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны