06.06.2008, 17:46 3879

Қазақстанда вендингтің дамуы тоқтауы мүмкін - газет

Қазақстанда вендингтің дамуы тоқтауы мүмкін - газет

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда вендингтің дамуы тоқтауы мүмкін, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Казахстанская правда" газетіне сілтеме жасай отырып.

"Проблема барлық сауда аппараттарының бақылау чегін бермейтіндігінен туындап отыр. Салық кодексінің 546 бабының 1 пункті оның берілуін талап етеді. Бұл талап вендингті заңнан тысқары қалдыруы мүмкін", - деп хабарлайды газет.

"Казправданың" ақпаратына сүйенсек, не чек беру функциясы бекітілген кассалық бақылау машиналары (КБМ) бар автоматтар әкелу, сондай-ақ, олармен бұрынғы аппараттарды жабдықтау керек не КБМ сауда аппараттарында міндетті түрде қолдану бойынша салық заңнамасын өзгерту керек.

Сонымен қатар, әрбір сауда аппаратын аумақтық салық органында тіркеу мәселесі тағы бар. алайда бұл мүмкін емес. Себебі, кассалар орналасатын жер айына бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Бұл мәселені шеші үшін машиналардың иелері сауда аппараттарын фискалдық чектер беру жүйесімен жабдықтау өтінішімен банк секторының құралдарын жеткізетін компаниялармен хабарласқан. Алайда олар мұндай мәселелермен айналыспайтындарын айтқан.

Осылайша, қалыптасқан стандартқа орай кейбір елдердің заңнамаларына сәйкесу керек. Оның үстіне Қазақстанның ДСҰ жақында кіретінін де ұмытпау қажет. Ол да елдің заңын әлемдік сауда стандарттарына интеграциялануды талап етеді.

Қазір вендинг иелері салық салу мәселесі бойынша ұсыныстар жасап, оны үкімет, Қаржы министрлігі және жаңа Салық кодексін жасау бойынша жұмыс тобының қарауына енгізген.

Вендинг (vending) дегеніміз сауда автоматтары пайдаланылатын және сауда адамның қатысуынсыз жүретін бөлшек сауда саласы. Сауда автоматы (vending machine) дегеніміз автоматтық режимде сауда және қызмет сататын құрылғы.

Вендинг үстеме шығындардың аздығы және сауда автоматтарын тартымды нүктелерге аса көп шығынсыз тасымалдау мүмкіндігі есебінен рентабельділігі жоғары бизнес болып табылады.

Қазақстанда бұл бизнес 2002 жылдан кейін дами бастады. 2002-2008 жылдар аралығында 3000-нан астам аппарат орнатылған. 2010 жылға қарай аппараттар саны 25-30 мыңнан асады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны