06.05.2013, 10:24 7167

Қазақстанда ветеринарлық қызмет қалпына келтіріледі

"Бірнеше жыл бұрын ветеринарлық қызметті бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы шешім қабылданып, дәрігер-лицензиаттар пайда болды. Талдау жүргізіліп, оның қате екенін түсіндік - шағын бизнес аурулардың таралуына жауапкершілкті өз мойнына ала алмайды. Бүгінгі таңда ветеринариядағы ең жақсы кеңестік тәжірибені еске түсіріп, орындарда ветеринарлық қызметті қалпына келтіру туралы шешім қабылдадық", - деді Г.Исаева.

Астана. 6-мамыр. Kazakhstan Today - Республиканың аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде дәрігер-лицензиаттардың орнына мемлекеттік мал дәрігерлерінің штаттық бірліктері қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

"Бірнеше жыл бұрын ветеринарлық қызметті бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы шешім қабылданып, дәрігер-лицензиаттар пайда болды. Талдау жүргізіліп, оның қате екенін түсіндік - шағын бизнес аурулардың таралуына жауапкершілкті өз мойнына ала алмайды. Бүгінгі таңда ветеринариядағы ең жақсы кеңестік тәжірибені еске түсіріп, орындарда ветеринарлық қызметті қалпына келтіру туралы шешім қабылдадық", - деді Г.Исаева.

Вице-министр түсіндіргендей, аудан орталықтарында бүгін коммуналдық мемлекеттік ветеринарлық кәсіпорындар құрылған, оларға 196 аудандық ветстанция және 2 мыңнан астам ветпункт тиесілі.

"Ир елді мекенде мемлекеттік мал дәрігері болады, ол мемлекеттен жалақы алып отырады. Вакцинацияны, мал басы санын есепке алуды да, сынама іріктеуді де өзі жүргізіп, бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес қызметтердің барлық түрлерін орындайды. Мемлекет өз алдына оны ұстауға қаражат бөледі, арнайы жабдықталған автокөлік, биркаларды сканерлеуге арналған аппараттар, принтерлер, жабдық, медициналық препараттар, жеке ғиамарат ұсынады", - деп түсіндірді ведомство басшысының орынбасары.

Соңғы жылдары ауылдық жерлерде конкурстық негізде жеке мал дәрігерлерін тарту іс-тәжірибесі өзін мүлде ақтаған жоқ, өзінің зияндылығын көрсетті - малдың эпизоотиялық саулығы көрсеткіші нашарлады, шалғайдағы ауылдардың көбісі ветеринарлық іс-шаралармен қамтылған жоқ, бөлінген қаражат бақылаусыз жұмсалды, деп ақталды Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі.

Г.Исаеваның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан ХЭБ-мен (Халықаралық эпизоотиялық бюро) өзара қатынасы активтендіріліп, оның әдістемесе, құжаттамасы, жұмыс сызбасы негізге алынған. Бұл әсіресе ДСҰ-на кіру алдында өзекті мәселе, онда бізге дүниежүзілік қауымдастыққа ықпалдасуға, заңнама мен стандарттарды, оның ішінде ветеринарияны да сәйкестендіруге тура келеді.

"Егер ертеңгі күні ауыл шаруашылық өнімдерін шетелдік нарықтарға экспорттайтын болсақ, онда бізді ветеринария бойынша қатаң талаптар күтіп тұр, бұл қызметті ертерек реформаласақ, халықаралық ұйымдардық толыққанды қатысушысы болуға және өткізудің сыртқы нарықтарында әлеуетті серіктестермен тең диалог жүргізуге мүмкіндігіміз артады", - деп есептейді АШМ басшысының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны