16.07.2014, 22:19 3345

Қазақстанда заңдастыру екі рет өткізілді

Қазақстанда заңдастыру екі рет өткізілді. 2001 жылы қаржыны заңдастыру өткізілді, онда 480 млн АҚШ долларынан астам қаражат заңды айналымға шығарылды, - деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Қазақстанда заңдастыру екі рет өткізілді. 2001 жылы қаржыны заңдастыру өткізілді, онда 480 млн АҚШ долларынан астам қаражат заңды айналымға шығарылды, - деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

2006-2007 жылдары қаражаттан бөлек жылжымайтын мүлік те заңдастырылды. Ақшалай көрсеткішпен алғанда акцияның пайдасы - шамамен 845 млрд теңге немесе 7 млрд доллардың дүниесі заңастырылды. Бұл сол жылғы ЖІӨ көлемінің 8,3% құрады. Екінші акцияның ерекшелігі сонда, ол уақытта заңдастыруға жинау жүргізіліп, ел бюджетіне 60 млрд теңге түсті.

Заңдастыру - әлемдік тәжірибеде жаңалық емес. Еуропаның бірқатар мемлекеттері мен АҚШ-тың көптеген штаттары бірнеше рет аталмыш акцияны ұйымдастырған. Өйткені мүлікті көлеңкелі меншіктен алып шығу әлем бойынша күрделі мәселе. Мысалға, Үндістан 5 рет, Португалия 4 рет, Франция, Австрия, Ирландия 2 реттен, АҚШ (40 штат) 62 рет, Италия бірнеше рет заңдастыру шараларын жасаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 30 маусымында ҚР Президентің қол қойған "Қазақстан Республикасының азаматтарына қаражатты заңдастыруға орай рахымшылық жариялау туралы" Заңы 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өз күшінде болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны