04.02.2010, 12:51 1936

Қазақстанда жалпыға бірдей салық декларациялауды енгізу жоспарлануда

Қазақстанда жалпыға бірдей салық декларациялауды енгізу жоспарлануда

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жалпыға бірдей салық декларациялаудың тұжырымдамасын жасауды тапсырды, салық декларациясын жаппай толтыруды 2013 жылы енгізу жоспарлануда. Бұл туралы ол бүгін ҚР Қаржы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кәрім Мәсімов атап өткендей, дамыған елдерде бюджет жеке тұлғалардың салығы есебінен 60%-ға қамтамасыз етіледі. Ал Қазақстанда бұл сан - 10%. "Сол себепті біз бұл мәселені қайта қарастырып, әлемдік тәжірибені зерттеп шығуымыз қажет", - деді премьер-министр.

Осыған байланысты ол Қаржы министрлігінің басшылығына "салықты декларациялаудың жалпыға бірдей тәртібіне кезең-кезеңмен көшу тұжырымдамасының жобасын 1 наурызға дейін енгізуді" тапсырды.

"Біздің елімізде кіріс салығы әлемдегі ең төмен салыққа жатады, бірақ бұл салықты барлығы төлеуге тиіс", - деді премьер.

Сондай-ақ, ол Қазақстандағы базарларда бір реттік талондарды енгізу мерзімін кейіндете тұруды тапсырды. "Меніңше, біз бұл мәселеге әзірге дайын емеспіз, сол себепті бұл үдерісті жалпыға бірдей салық декларациялаумен бірге 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін шегеру қажет. Сөйтіп біз жаппай салықты декларациялау мен бір реттік талондарды біруақытта енгізетін боламыз", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны