10.01.2012, 14:29 4015

Қазақстанда жан басына шаққанда ЖІӨ 11 300 АҚШ долларын құрады

"2011 жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 11 300 АҚШ долларын құрады",- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда жан басына шаққанда ЖІӨ 11 300 АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

"2011 жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 11 300 АҚШ долларын құрады",- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 17 сәуірінде өткен кеңейтілген кеңесте Үкіметтің алдына 2011 жылы экономиканың 7 пайыздық өсіміне қол жеткізу туралы міндет қойған болатын.

Алдағы бес жылда Қазақстан табысы жоғары деңгейдегі елдердің қатарына кіруі керек. 2016 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың АҚШ долларынан кем болмауы үшін экономика жыл сайын 7 пайыздан кем болмайтын қарқынмен өсуі тиіс. 2011 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 7,5 пайызды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны