11.03.2013, 10:21 3058

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы ақпан айында 0,4%-ға қымбаттады

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, өткен айда нарықта пайдаланылған жайлы тұрғын үй бағасы ақпанда 2,3%-ға, жайлы тұрғын үйді жалға алу бағасы 1,3%-ға ұлғайды.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылдың ақпан айында жаңа тұрғын үй бағасы 2013 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 0,4%-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, өткен айда нарықта пайдаланылған жайлы тұрғын үй бағасы ақпанда 2,3%-ға, жайлы тұрғын үйді жалға алу бағасы 1,3%-ға ұлғайды.

Республика бойынша жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орда таша бағасы ақпан айында 174,8 мың теңгені, қайта сатылатын жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 134,1 мың теңге, жайлы тұрғын үйді жалға алудың бір шаршы метрінің бағасы 998 теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны