Система Orphus

Қазақстанда жаңа үйдің бағасы төмендеді - Статагенттік

14.07.2014, 20:18 1454

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату - 0,6%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі.

"2014 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 0,4%-дан, абаттандырылған тұрғын үйлерді 0,2%-ға өсті, ал жаңа тұрғын үйлерді сату 0,6%-ға төмендеді", - делінген хабарламада.

Республика бойынша орташа көрсеткіштегі жаңа тұрғын үй бағасы маусым айында шаршы метріне 214350 теңгені құрады. Ал екінші нарықта бұл көрсеткіш шаршы метріне 168986 теңге. Тұрғын үйді жалға беру бағасы шаршы метріне 1198 теңге.

Үй бағасын бақылау құрылыс компанияларын қосқанда қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операция жасайтын бірқатар ұйымдар бойынша Астана, Алматы және облыс орталықтарында жүзеге асырылуда.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны