19.08.2011, 14:38 3774

Қазақстанда жанармай бағасы тағы көтеріледі деп күтілуде

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде бензин бағасы тағы көтерілуі мүмкін.

Алматы. 19-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жанармай бағасы тағы көтеріледі деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қыркүйегінде бензин бағасы тағы көтерілуі мүмкін.

Қыркүйекте елдегі жанар-жағармай материалдары қайта қымбаттауы мүмкін. Бұл жолы бағаның көтерілуі анағұрлым елеулі болмақ. КТК телеарнасы КазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, Мұнай және газ министрлігіндегі дереккөз Үкімет 1 қыркүйектен жанармайдың шекті бөлшек бағасын бірден 12-14%-ға көтеруге ниетті екенін жеткізді. Сайып келгенде, дереккөздiң мәлiметі бойынша, ел көп тұтынатын 92 маркалы бензиннің ең жоғарғы құны күзде литріне 120 теңгеге дейiн қымбаттайды.

Естеріңізге сала кетсек, тамыз айының басында министрлер кабинеті сондай-ақ ЖЖМ құнын өсіруге мәжбүр болған еді. Ол кезде Үкімет мұнай қымбаттап жатқанда бағаны күшпен ұстап тұруға болмайды деп түсіндірген. Сонымен бірге жыл басынан бері Қазақстанда бензин бағасы онсыз да 17%-дан астам, ал дизель отыны 20%-ға қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны