27.07.2015, 14:41 3772

Қазақстанда жанармай тапшылығы орын алады деуге еш негіз жоқ - Ұ. Қарабалин

Қазақстанда жанармай тапшылығы орын алады деуге еш негіз жоқ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер сауалына жауап берген Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда жанармай тапшылығы орын алады деуге еш негіз жоқ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер сауалына жауап берген Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жанар-жағармай бойынша Ресейгі біршама тәуелді болғандықтан, бұныӊ бағасы Қазақстанда сол көршілес елдегі бағаға байлаулы. Сондықтан да, біз Ресейде, әлемдік деӊгейде бағаныӊ қалай құбылатынын бақылаудамыз. Елімізді тапшылыққа ұшыратпауға тырысамыз. Қазіргі күні еліміздегі базаларда бензинніӊ қоры 230 мыӊ тоннаға жуық, ал дизель отыны 140 мыӊ тоннаныӊ айналысында. Яғни, зауыттар өз мөлшеріндегі өнімді шығарып отыр, ендеше Қазақстанда жанармай тапшылығы орын алады деуге еш негіз жоқ", - деді Ұзақбай Қарабалин, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, былтырғы жылы орын алған тапшылық негізінен Ресейдегі зауыттардыӊ істен шығуына қатысты болатын.

"Бұл бізде ғана емес, Ресейдіӊ өзіне де қиыншылық тудырғаны белгілі. Содан бері, Құдайға шүкір, ондай оқыс жағдай болған емес. Ресейдіӊ зауыттарыныӊ тілеуін тілеп отыруға тура келеді", - деді Ұ. Қарабалин.

Айта кетерлігі, 2017 жылдан кейін Қазақстанда үш мұнай өӊдеу зауытын жаӊғырту есебінен ішкі нарықтыӊ сұранысы толық қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны