07.10.2015, 20:04 4241

Қазақстанда жеке тұлғаларға шетелдік валютада қарыз беру шектелуі мүмкін - ҚР Ұлттық банкі

Қазақстанныӊ Ұлттық банкі шетелдік валютада табыс таппайтын жеке тұлғаларға шетелдік валютада қарыз беруді шектеу бойынша норма енгізуге ниетті, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Ұлттық банкі Қаржы қызметтерін тұтынушылардыӊ құқығын қорғау жөніндегі департаментініӊ директоры Александр Терентьев

Астана. 08 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Ұлттық банкі шетелдік валютада табыс таппайтын жеке тұлғаларға шетелдік валютада қарыз беруді шектеу бойынша норма енгізуге ниетті, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Ұлттық банкі Қаржы қызметтерін тұтынушылардыӊ құқығын қорғау жөніндегі департаментініӊ директоры Александр Терентьев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі уақытта Мәжіліс біздіӊ қарыз алушыларда аталған қарыз алардан бұрын алты ай ішінде шетелдік валютада табыстары болмаған жағдайда екінші деӊгейлі банктердіӊ жеке тұлғаларға шетелдік валютада қарыз беру туралы тыйым салу жөніндегі заӊ жобасын мақұлдады", - деді А.Терентьев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол бұл шара экономикамызды долларсыздандыру мақсатында қолданылатындығын айтып өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны