13.10.2016, 14:57 3855

Қазақстанда жекешелендіру аясында республикалық меншіктен 19 нысан сатылды

"Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдыӊ маусым - 2016 жылдыӊ қазандағы кезеӊінде іс жүзінде сатуға 45 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдыӊ 11 қазандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 нысан шығарылды, оныӊ ішінде 19 нысан сатылды", - делінген хабарламада.

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - 2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 1013 нысан жоспарланған. 2014 жылдыӊ маусым - 2016 жылдыӊ қазандағы кезеӊінде 624 объекті жекешелендіруге жатады, деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

2016 жылдыӊ 11 қазандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 518 объекті шығарылды, оныӊ ішінде 322 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 164, ИКК - 84, холдингтер бойынша - 56.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 994 млн. теӊге, облыстық бюджеттерге 5 188 млн. теӊгеден астам, Холдингтер 67 101 млн. теӊге, ИКК 6 354 млн. теӊге.

"Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдыӊ маусым - 2016 жылдыӊ қазандағы кезеӊінде іс жүзінде сатуға 45 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдыӊ 11 қазандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 нысан шығарылды, оныӊ ішінде 19 нысан сатылды", - делінген хабарламада.

Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 497 объектініӊ сатылуы белгіленді. 2014 жылдыӊ маусым - 2016 жылдыӊ қазандағы кезеӊінде 290 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 11 қазандағы жағдайы бойынша 256 объекті шығарылды, соныӊ ішінде 164 объекті сатылды.

Илеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату кесте бойынша сатуға 168 объекті белгіленді. 2014 жылдыӊ маусым - 2016 жылдыӊ қазандағы кезеӊінде 125 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 107 объекті сатуға қойылды, 84 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 283 объект жекешелендіруге жатады, 11 қазандағы жағдайы бойынша жоспарланған 164 объектініӊ 128 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оныӊ ішінде 56 объект сатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны