22.10.2015, 15:43 4058

Қазақстанда жекешелендіру уақытын 2016 жылдыӊ 31 желтоқсанына дейін ұзарту жоспарлануда

Сенаттыӊ жалпы отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жеке тұлғалардыӊ кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Астана. 11 Қазан. Kazakhstan Today - Сенаттыӊ жалпы отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жеке тұлғалардыӊ кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасы Мемлекет басшысыныӊ мүлікті жария ету процесін жеӊілдету және құқық қорғау органдары тарапынан заӊсыз қудалаудан кепілдіктер қамтамасыз ету жағын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау үшін, сонымен бірге, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ 41-қадамыныӊ іске асыруға бағытталады. Бұл ретте жария ету субъектілері үшін кепілдіктерді қамтамасыз ету жағынан бірқатар шаралар көзделеді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Атап айтқанда, біріншіден: салық және банктік заӊнамаларына жария етілген мүлік туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды беруге тыйым салынады. Екіншіден,қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде, жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалану мүмкіндігін болдырмау көзделеді. Үшіншіден, жария ету субъектілерін қосымша қорғау жағынан қылмыстық жауаптылықты қарастыратын нақты нормалар белгіленуде, сонымен қатар жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салынады",- дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оныӊ айтуынша, бүгінгі күні жүргізіліп жатқан акцияны халық үшін тартымды, қолайлы және жағымды ету үшін ақшаны жария ету тетіктерін жаӊадан қарап онда үш жеӊілдетілген опция ұсынылады.

Атап айтқанда, ақшаны банк шоттарына оныӊ сақталуын қамтамасыз ететін міндеттемелерсіз, алымдарды төлемей, өз қалауымен иелік етуге ешқандай шектеусіз пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, банк шоттарына аудармай, алымды он пайыз мөлшерінде төлей отырып, ақшаны жария етуді мүмкіндігін енгізу көзделеді. Үшіншіден, алымды төлемей "Астана" халықаралық қаржы орталығына жария етілген ақшаны инвестициялау мүмкіндігін беру.

Бұдан бөлек, жария етуді қарқынды жүргізу үшін бірқатар ынталандыру шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, шетелдегі шоттар бойынша декларация тапсырмағаны үшін әкімшілік жазаны қатаӊдатылады. Бұдан бөлек, шетелдегі мүлік бойынша міндетті түрде декларация тапсырудыӊ қосымша талабы енгізіледі.

Осы шараларды іске асыру үшін жария ету мерзімін 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту ұсынылып отыр. Бұл негізінен жалпыға ортақ декларациялаудыӊ және "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмыс істеуімен байланысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны