03.01.2013, 15:18 3002

Қазақстанда желтоқсан айында азық-түлік тауарларының бағасы 5,3% өсті

"2012 жылғы желтоқсанда Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% өсті", деп хабарлады Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен.

Астана. 3-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда желтоқсан айында азық-түлік тауарларының бағасы 5,3% өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2012 жылғы желтоқсанда Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% өсті", деп хабарлады Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен.

"2012 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,3% өсті", - делінген ведомство хабарламасында.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 2011 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2012 жылдың желтоқсанында ұн бағасы- 7,6%, макарон өнімдері - 7,5%, балық және теңіз, тоқаш және ұн өнімдерінің бағасы - 5,7%, кофе, шай және какао - 5,5%, кондитерлік өнімдер - 5%, алкогольді ішімдіктер - 4,9%, жемістер мен көкөністер - 4,8%, сүт өнімдері - 3,8%, нан - 2,5% өсті.

Есесіне, жармалардың бағасы - 27%, өсімдік майы - 2,6%, қант - 2,1% арзандады.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 9,5% құрады. Шошқа етіне баға - 12,8%, қой етіне - 11,6%, сиыр етіне - 11,1%, жылқы етіне - 10,8%, құс етіне - 5,7%, шұжық өнімдеріне - 5,1% қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны