19.10.2007, 18:35 3065

Қазақстанда жеммен қамтамасыз ету малшаруашылығының сұранысына сай емес - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстанда жеммен қамтамасыз ету малшаруашылығының сұранысына сай емес.

Астана. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстанда жеммен қамтамасыз ету деңгейі малшаруашылығының сұранысына сай емес",- деді бүгін, ет және ет өнімдерін өндірушілердің республикалық кеңесі барысында Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы және мал дәрігерлік қауіпсіздік департаментінің директоры Рәбиға Тоқсейітова, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Шырынды азықтар аз өндіріледі, ол сұраныстың 31 пайызын ғана қамтамасыз етеді",- деді Р. Тоқсейітова.

"Өндіру құрылымында концентратты және кесек жемдерді өндіру проценті өте жоғары және де құнарлы жемдер өндіру өте төмен, ал жем қатынастарының тиімді құрылымы 30 пайыз шырынды азық, 30 пайыз концентрантты, 30 пайыз кесек жеммен ұсынылуға тиіс. Сондай-ақ жемдердің сапалары стандарттарға сай емес",- деп атап көрсетті.

Департамент директорының айтуынша, мұндай жағдайға жем дақылдарының алқабының күрт қысқаруына, жемдерді дайындау технологиясының бұзылуына, жайылымдарды тиімсіз пайдалануға, жайылымды жаңғырту жұүйесі мен жемдік дақылдар егісін қолданысқұа енгізу, сонымен қатар жем кәсіпорындарын техникамен жабдықтау деңгейінің төмендігі негіз болып отыр. "Сондай-ақ, өздеріңізге белгілі, жемнің бағасы 2003 жылмен салыстырғанда 2 есеге өскендігі байқалады",- деп атап өтті Р. Тоқсейітова.

"Осыған байланысты мал басын жем жайылымдарымен толық қамтамасыз ету үшін суармалы жайылымдар алаңын өсіруді талап етеді, сондай-ақ құс шаруашылығының мұқтаждығы үшін жеткілікті көлемдегі жемшөп қорын құру қажет",- деп санайды ол.

Сонымен қатар, оның пайымдауынша, жем өндіру және жем дайындауды дамыту мәселелеріне "бұл үшін заңнама базасы құрылғандығына қарамастан" "жергілікті атқару органдары тарапынан жеткілікті назар аударылмай отыр". "Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылдың 8-мамарндағы "Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеу ережелерін бекіту туралы" № 368 қаулысымен кесек, шырынды және концентрантты жем-шөтердің құнын қаржыландыру қарастырылған. Бірақ 2007 жылы тек Ақтөбе облысында осы мақсатқа 31,4 млн теңге бөлінген, ал басқа облыстарда жем-шөптерді арзандатуға қаржы бөлу қарастырылмаған",- деп түсіндіріп өтті Р. Тоқсейітова.

Сонымен қатар, департамент директоры Министрліктің 2008 жылы сиыр, шошқа және құс еттерін өндіру барысында жем-шөп бағасын арзандатуды қаржыландыруды 1 млрд теңгеге дейін өсіруге дайын екендігі туралы мәлім етті. "Осы мақсатта үстіміздегі жылы 2,5 млрд теңге бөлінген, аталмыш бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетіп отыр және де оны 2008 жылы одан әрі жүзеге асырылады. Экономика министрлігінің аталмыш бағдарлама бойынша 2008 жылға бекеткен қаржының жалпы көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды",- деп атап көрсетті ол.

Оның пайымдауынша, үстіміздегі жылдың 9 айында аталмыш бағдарлама бойынша субсидия алған құс фабрикалары 46,5 мың тонна ет өндірген, ал өткен жылы 41,1 мың тонна өндірген бұл 13 пайызға өскендігінің куәсі. "Сиыр етін өндіру 159 пайызға, ал шошқа етін өндіру 3,7 есеге өскен",- деп атап өтті Р. Тоқсейітова. Ол сондай-ақ "біз 2008 жылы жем-шөп бағасының өсуін ескере отырып, осы бағыттар бойынша, сонымен қатар қой еті мен сүт өндіру бағыттарындағы субсидия нормативтерін де өсірдік", деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны