15.02.2011, 16:01 5486

Қазақстанда жеңіл көлік өндірісі өскен

Қазақстанда жеңіл көлік өндірісі өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда жеңіл көлік өндірісі өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2011 жылдың қаңтар айында 101 жеңіл жолаушылар көлігі өндірілген. Бұл 2010 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 42,3 пайызға артық.

Сонымен қатар, осы айда он және одан да көп адам тасымалдайтын 5 жолаушылар көлігі және 24 жүк көлігі өндірілген.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанның автобизнес қауымдастығы 2011 жылы жаңа көліктерді сату көлемі 30 пайызға өседі деген болжам жасаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны