31.08.2012, 10:58 7158

Қазақстанда жыл аяғына дейін алты жаңа астық қоймасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда

"Үстіміздегі жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 115 мың тонна болатын 6 жаңа астық қоймасы, оның ішінде "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ желісінен 14 мың тонналық 1 астық қоймасы беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жыл аяғына дейін алты жаңа астық қоймасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Үстіміздегі жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 115 мың тонна болатын 6 жаңа астық қоймасы, оның ішінде "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ желісінен 14 мың тонналық 1 астық қоймасы беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, қолданылып жүрген астық қоймалары жаңартылып, қуаты арттырылады. Сонымен қатар, "ҚарАгроҚаржы" АҚ ірі және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қаржыландыру арқылы астық қоймаларын салып және сыйымдылығы 800 мың тонналық қоймаларды жаңғыртуды жоспарлап отыр. "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ жаңа қоймаларды салуды және қолда бар 700 мың тонналық астық қоймаларын сатып алуды қаржыландырады.

ҚР АУМ мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезде республикадағы қоймалардың сыйымдылығы 22,9 млн тоннаны құрайды. Үстіміздегі жылы жаңа қоймалар іске қосылғаннан кейін республика бойынша жалпы сыйымдылық 23,1 млн тоннаны құрайтын болады.

Ақпаратта айтылғандай, жаңа салынғандарды есепке алғанда, республикадағы астық қоймаларының сыйымдылығы биылғы маусымдағы астықты сақтауға толығымен жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны