06.12.2010, 14:29 4418

Қазақстанда жыл аяғына дейін жалпы сомасы 805 млрд теңгені құрайтын 152 инвестициялық жоба іске қосылады

Қазақстанда жыл аяғына дейін жалпы сомасы 805 млрд теңгені құрайтын 152 инвестициялық жоба іске қосылады

Астана. 6 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда жыл аяғына дейін жалпы сомасы 805 млрд теңгені құрайтын 152 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Индустрияландыру және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күнде Қазақстанның индустрияландыру картасы 294 жобадан тұрады, олардың құны 8 трлн теңгеден асып жығылады. Жобалар 161 тұрақты жұмыс орнын және 207 уақытша жұмыс орнын құруда қарастырған. Екінші жарты жылдықта құрылыс кезеңінде 11,5 мың жұмыс орнын қамтыйтын құны 400 млрд теңгенің 80 жобасы іске қосылады",- деп хабарлады А. Рау.

Ол сондай-ақ, бүгінгі күнде құны 35 млрд теңгені құрайтын 23 жоба іске қосылып, 1,5 мың жұмыс орны құрылғандығын атап өтті.

Ал қалған жоба желтоқсан айында іске қосылады. Сөйтіп, үстіміздегі жылы құны 805 млрд теңгені құрайтын 152 жоба беріледі",- деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны