06.06.2016, 11:10 5775

Қазақстанда жыл басынан бері мұнай өндіру көлемі 26,2 млн тоннаны құрады - Энергетика министрлігі

"2016 жылдыӊ алғашқы төрт айында 26,2 млн тонна мұнай өндiрiлдi. Осылайша, бiз жоспарды 4%-ға асыра орындап отырмыз. Мұнай бағасыныӊ өсуi компанияларға бұрғылаудыӊ қосымша көлемдерін жүргізуге және осы жылдыӊ жоспарын асыруға мүмкiндiк бередi", - деді Қ.Бозымбаев

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ алғашқы 4 айында (қаӊтар-сәуір) республикадағы мұнай өндіру көлемі 26,2 млн тоннаны құрады, деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев халықпен есептік кездесуі барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ алғашқы төрт айында 26,2 млн тонна мұнай өндiрiлдi. Осылайша, бiз жоспарды 4%-ға асыра орындап отырмыз. Мұнай бағасыныӊ өсуi компанияларға бұрғылаудыӊ қосымша көлемдерін жүргізуге және осы жылдыӊ жоспарын асыруға мүмкiндiк бередi", - деді Қ.Бозымбаев, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, министр айтып өткендей, халықаралық сарапшылардыӊ болжамы бойынша "мұнайдыӊ әлемдiк бағасы тек 2017-2018 жылдары баррелiне 60-65 доллар деӊгейiнде болады".

"Бiз мұнай өндiру көлемi 2017 жылы тұрақталады деп болжап отырмыз. Мұнай өндірудіӊ негізгі өсімін "Теӊізшевройл", "Қарашығанақ Петролеум", сондай-ақ "Қашаған" жаӊа кен орны жүзеге асырады", - деді Энергетика министрі.

Ол сондай-ақ 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай мен конденсант өндiру көлемi 79,5 млн тоннаны құрағанын айтты.

Қ.Бозымбаев айтып өткендей, ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін мұнайдыӊ әлемдік бағасы 30 доллар шегінде сақталған жағдайда мұнай өндіру көлемі 74 млн тонна деӊгейде жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны