16.06.2016, 15:48 5718

Қазақстанда жыл соӊына дейін үш жаӊа автомагистральді салу аяқталады - ҚР ИДМ

Республикада осы жылдыӊ соӊына дейін Астана-Теміртау, Алматы-Талдықорған және Алматы-Қорғас авто тас жолдаы салынып бітеді, деп мәлімдеді ҚР Инвесициялар және даму министрлігініӊ Автомобиль жолдары комитетініӊ төрағасы Сайранбек Бармақов ҚР-ныӊ ақылы автожолдарын дамыту мәселелері туралы өткен дөӊгелек үстел отырысы барысында

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Республикада осы жылдыӊ соӊына дейін Астана-Теміртау, Алматы-Талдықорған және Алматы-Қорғас авто тас жолдаы салынып бітеді, деп мәлімдеді ҚР Инвесициялар және даму министрлігініӊ Автомобиль жолдары комитетініӊ төрағасы Сайранбек Бармақов ҚР-ныӊ ақылы автожолдарын дамыту мәселелері туралы өткен дөӊгелек үстел отырысы барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бірінші кезекте Астана-Теміртау жолын іске қосамыз, Алматы-Талдықорған және Алматы-Қорғас бағыттарын толық аяқтаймыз. Жолдарды қолданысқа енгізу осы жылдыӊ қараша-желтоқсан айларына жоспарланып отыр. Яғни, аталмыш үш тас жолды да жылдыӊ соӊында пайдалануға береміз", - деді С.Бармақов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол бұл автомагистральдар бірінші дәрежелі жолға сәйкес келетінін және төрт жолақты болатынын, бірақ кейбір жерлерде алты жолақты болып келетінін айтты.

Еске сала кетейік, 2020 жылға дейін Қазақстанда 7 мыӊ шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарланып отыр.

Сонымен, ҚР ИДМ бейінді комитетініӊ басшысыныӊ мәліметінше, 2013 жылдан бастап ақылы жүйені енгізгеннен бері Астана-Щучинск тас жолы 3 млрд астам теӊге жинады.

"Осы кезеӊде бізге 3 млрд теӊгеден астам қаржы түсті. Бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі жол ақылы болғандықтан өзін қамтамасыз етеді. Ол қыста және жазда жолдарды жөндеу, ақауларды жою", - деді С.Бармақов.

Жақын уақытта, оныӊ айтуынша, Алматы-Қорғас, Астана-Атбасар, Шымкент-Тараз және Шымкент-Қызылорда жолдары ақылы болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны