09.12.2008, 18:59 2891

Қазақстанда жылдың аяғына дейін мемлекеттік химиялық компания құрылады - Келімбетов

Қазақстанда жылдың аяғына дейін мемлекеттік химиялық компания құрылады - Келімбетов

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жылдың аяғына дейін мемлекеттік химиялық компания құрылады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен отырыста "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Химиялық компанияны құру жылдың аяғына дейін аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай "Самұрық-Қазына" қорының директорлары кеңесінің ағымдағы жылдың 28 қарашасындағы отырысында бірлескен химиялық және тау-кендік компания құру туралы шешім мақұлданды, олар мемлекеттің активтерін біріктіріп, осы саладардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен айналысатын болады", - деді Қ. Келімбетов.

"Самұрық-Қазына" қорының жоспарына сәйкес, мемлекеттік тау-кен компаниясы ұлттық компания мәртебесіне ие болады, сол себепті оны құру үшін үкіметтің шешімі қажет. "Біз бұл мәселені үкіметтің жуырдағы бір отырысында талқылауды сұраймыз, біз оған қатысты мәселелерді дәйектедік", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны