03.07.2009, 14:03 2704

Қазақстанда жылдың аяғына дейін жаңа 80 кәсіпорын пайдалануға беріледі - Назарбаев

Қазақстанда жылдың аяғына дейін жаңа 80 кәсіпорын пайдалануға беріледі - Назарбаев

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жылдың аяғына дейін жаңа 80 кәсіпорын пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел өңірлерімен арадағы телекөпір барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бүгін жаңа 20 кәсіпорын іске қосылғанын хабарлады, ал жылдың аяғына дейін олардың саны 80-ге жетеді. Нысандардың негізгі бөлігі 2010 - 2011 жылдары іске қосылады. Демек, индустрияландыру бағдарламасы жұмыс істеп жатыр", - деді Н. Назарбаев.

Ол Қазақстанның "күрделі әлемдік қаржылық дағдарыс ахуалында екенін, әсіресе сыртқы несиелендіру мүмкіндіктері азайғанын" атап өтті. "Бірақ, бір жағынан дағдарыс - тың мүмкіндік. Біз бәрін дағдарысқа жауып, қарап отыруға тиіс емеспіз", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны