01.06.2012, 11:53 3533

Қазақстанда жойқын жер сілкінісі болмайды

Брифингте сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов биылғы жылы елімізде қатты зілзала болмайды деп мәлімдеді.

Алматы. 1-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда жойқын жер сілкінісі болмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Алматыда брифингте сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов мәлім етті.

Брифингте сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов биылғы жылы елімізде қатты зілзала болмайды деп мәлімдеді.

"Жер дүмпуі болады, бірақ қуаты 7 баллдан асатын жер сілкінісі болмайды деп күтілуде",- деді ол.

Естеріңізге саламыз, бүгін Алматы қаласында және Алматы облысында 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

"ҚР БҒМ Сейсмология институтының мәліметі бойынша, 31.05.2012 жылы сағат 03:20-да Қазақстан Республикасы аумағында энергетикалық класы К=12,8-ге жеткен жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтықта, Көкпек ауылының аумағында орналасты. Алматыда және Алматы облысында жерасты дүмпуінің қуаты MSK-64 шкаласы бойынша 4 балды құрады", - деп хабарлады ТЖМ.

Бүгін Көкпек кентіне арнайы делегация барады, ғалымдар жердің топырағын тексермекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны