04.12.2013, 18:38 3862

Қазақстанда жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзған үшін 72 теміржол вагондарын пайдалану тоқтатылды

Тексеріс, жолаушыларды таситын вагондарда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеуден қабылдау сапасы бойынша мәселелер бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, кейбір вагондарда сумен жабдықтау құралында ақаулар бар екендігі, ауыз су қоймалары, электржылытқыш құралдар сынғаны анықталды.

Алматы. 04 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстанда жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзған үшін 72 теміржол вагондарын пайдалану тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan today Көлік және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап.

Көлік және коммуникация министрлігінде өткен кеңесте ағымдағы жылдың 10 айлық мерзімі бойынша теміржол тасымалдаушылары қызметінің қорытындылары шығарылды.

Жиналысқа келесі компаниялардың өкілдері қатысты: "Жолаушылар тасымалы" АҚ, "Тұран Экспресс Сервис" ЖШС, "Арлан Транс Астана" ЖШС, "Nоmadаs" ЖШС, "Марал Нұр" ЖШС, "Түрксіб Астана" ЖШС және "Сары-Арқа Компани" ЖШС.

Көлікті бақылау комитетінің тексерісі нәтижесінде айтылмыш уақыт мерзімінде, теміржол көлігін пайдалану ережелерін және Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі бойынша техникалық регламентті сақтамағаны үшін айқындалған бұзушылықтар жойылғанға дейін 72 т/ж жолаушыларды таситын вагондарды пайдалану тоқтатылған.

"Тексеріс, жолаушыларды таситын вагондарда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеуден қабылдау сапасы бойынша мәселелер бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, кейбір вагондарда сумен жабдықтау құралында ақаулар бар екендігі, ауыз су қоймалары, электржылытқыш құралдар сынғаны анықталды...Осы бұзушылықтар үшін біз вагондарды қайтарып алдық, себебі басты мақсат - әсіресе қысқы суық қарсаңына орай, жолаушылар үшін қауіпсіз қолайлы жағдайлар жасау", - деді ҚР ККМ Көлік бақылау комитетінің төрағасы Асет Асавбаев.

Сонымен қатар, белгіленген, 10 айлық мерзім бойынша, көлікті бақылау органдарымен 1271 билетсіз жүрген жолаушылар және 21,4 тонна құжатталмаған жүктер анықталған. Анықталған бұзушылықтарға сәйкес әкімшілік істер қозғалып, 5 млн.тг. айыппұл тағылған.

Жиналыс нәтижесі бойынша, қысқы мерзімде тасымалдау ережесін сақтау, жолаушыларды таситын вагондарда техникалық қызмет көрсету сапасын қаматамасыз ету және поездарда қызмет көрсету сапасын арттыру туралы бірқатар тапсырма берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны