13.04.2007, 19:02 3207

Қазақстандағы 2007 жылғы ауыл шаруашылығына салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 58 млрд теңгені құрайды - "Қазагро"

АСТАНА.13 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстандағы 2007 жылғы ауыл шаруашылығына салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 58 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында "Қазагро" Ұлттық холдинг" АҚ басқармалар төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

И. Смайылов жалпы соманың 27 млрд теңгесі ауыл шаруашылық саласындағы ірі нысандардың құрылысын қаржыландыруға жұмсалады. "Біз келесі жылы Поти мен Амирабактағы астық терминалының, Бакудегі диірмен кешенінің, Қазақстанның солтүстігіндегі биоэтанол мен биодизель өндіру зауыттарының, бес бордақылау кешенінің, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданындағы мақта кластері кәсіпорындарының құрылысын, сүт фермаларының пилотты жобалары мен Ақтау айлағын кеңейтуді қаржыландыруды жоспарлап отырмыз",- деді ол.

"Біз ауылшаруашылық министрлігі арқылы тиісті бюджеттік сұраным беріп қойдық және де бізді республикалық бюджеттік комиссияның қолдауы өте маңызды",- деп жалғастырды өз сөзін "Қазагро" басшысы. Сондай-ақ А. Смайылов қазіргі уақытта ұлттық холдинг "сыртқы және ішкі нарықтағы серіктестікті белсенді іздеуде",- деп атап көрсетті. "Егер біз әріптес тапсақ, онда мемлекет тарапынан салынатын инвестиция көлемі айтарлықтай аз болатындығы сөзсіз",- деп атап өтті ол.

"Біздің келесі аптада өтетін бизнесімендермен кездесуімізде келесі мәселе көтеріледі: қандай салаларға салым салуға болады, біз оларға инвестиция үшін осы жобаларды ұсынамыз",- деп қосты ол. Сонымен қатар, "Қазагро" басқармалар төрағасы "Азық-түлік келісім шарты корпорациясы" АҚ ұлттық холдингінің, "Қазгрофинанс" және Аграрлық-несиелік корпорациясының құрамына кіретіндердің жүзеге асырып отырған сырттан қарыз алып пайдалануға шектеу қоюдың мәнін көрмей отырғандығын атап өтті.

"Олар үшін сыртқы нарықтан қарыз алып пайдалану пайдалы, себебі онда арзан, ал біздің алдымызда ауыл үшін қол жетерлік қаржаландыруды, яғни арзан болуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Егер ол сыртқы нарықта арзан болса, онда біз мұны сонда жасауға тиіспіз",- деп түсіндірді ол.

Ауыл шаруашылық вице-министрі Лилия Мусина өз кезегінде, "Қазагро" құрамына кіретін кәсіпорын үстіміздегі жылы сыртқы және ішкі нарықтан 33 млрд теңгедей қарыз алып пайдалануды жоспарлап отырғандығын еске сала кетті. "Тағы 23 млрд теңге осы жылы бюджеттен инвестицияланады",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны